Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

Балқаш жарысы

Спорттық іс-шара 25 Маусымда «Kazakhmys Smelting (Қазақмыс Смэлтинг)» ЖШС және қала әкімдігінің қолдауымен өтті. Жаппай жарысқа Смэлтингтің құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері мен басшылары, ҚР ҚК әскери қызметшілері, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты. Жарысқа қатысу үшін Қазақстанның түкпір-түкпірінен тәжірибелі спортшылар келді. 300-ге жуық жүгіруші 5 және 10 км қашықтыққа жүгіруді Хамзин атындағы мәдениет сарайы алаңынан бастады. ҚР ҚК Әуе шабуылына қарсы қорғанысының әскери қызметшілері тамаша төзімділік пен спорттық дайындықты көрсетіп, мәреге бірінші болып келді. Ерлер арасында 5 км қашықтықта бірінші болып мәреге спортшы Дархан Кесікбаев (Талдықорған қ.), әйелдер арасында Татьяна Купцова (Семей қ.) келді. 10 км қашықтықта ҚР ҚК Әскери Әуе қорғанысы Руслан Бекешов (Семей қ.) және Елена Леонова (Шахтинск қ.) жүлдегерлер атанды. Барлық жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен, ал қатысушылар естелік медальдармен марапатталды. Жарысқа қатысқаны үшін жиналған барлық қаражат қайырымдылыққа жұмсалады. Атап өту керек, Балқашта мұндай жаппай жүгіру алғаш рет өткізілуде, сондықтан, шара - қала тұрғындары мен Балқаш өндірістік алаңының қызметкерлері арасында үлкен қызығушылық тудырды. Балқаштықтар мұндай спорттық іс-шаралар болашақта дәстүрге айналады деп үміттенеді. Ләззат Смағұлова

Смотрите также

Қазақмыс төрт айдың қорытындысын шығарды: қауіпсіздік күшейіп, геология қарқыны еселенуде, инвестиция көлемі рекордтық деңгейге жетті
18.05.2026
Қазақмыс төрт айдың қорытындысын шығарды: қауіпсіздік күшейіп, геология қарқыны еселенуде, инвестиция көлемі рекордтық деңгейге жетті
«Қазақмыс» өндірістік алаңдарында қызметкерлерге арналған тұрмыстық инфрақұрылым жаңартылып жатыр
16.05.2026
«Қазақмыс» өндірістік алаңдарында қызметкерлерге арналған тұрмыстық инфрақұрылым жаңартылып жатыр
Қазақмыс өндірістік қажеттілік үшін меншікті генерация көздерін құру мүмкіндігін қарастыруда
16.05.2026
Қазақмыс өндірістік қажеттілік үшін меншікті генерация көздерін құру мүмкіндігін қарастыруда