Мамандыққа адалдық танытқандар
14.07.2022
ЖМЗ-да компания
мен қала басшылығының Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары еңбегі сіңген 33
зауыт жұмысшысына табыс етілді. Тағы
100-ге жуық зауыт жұмысшылары кәсіподақ және жастар бірлестіктерінің Алғыс
хаттарымен марапатталды. Сондай-ақ, БМЗ-да
үздік металлургтерге құрмет көрсетіліп, олардың есімдері «Еңбек даңқы»
галереясының тақтасына жазылды. Үздік 32 қызметкер Галереяның құрмет төрінен
орын алды. Өндірістік қызметтегі жоғары жетістіктері, металлургия өндірісі
кәсіпорындарының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан жеке үлесі және кәсіби
мереке – Металлургтер күнін тойлауға байланысты 170 еңбеккер «Қазақмыс Холдинг»
ЖШС директорлар Кеңесі төрағасының, «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС Бас директорының,
кәсіподақ және партия ұйымдарының, Қазақмыс жастар қанатының Құрмет
грамоталарымен және Алғыс хаттарымен марапатталды. – Мен үшін металлургтер күні – бұл жылдың ең
басты мерекесі. Мен аты аңызға айналған Қалмекеевтердің әулетінен боламын.
Біздің әулетіміздің тағдыры металлургиямен байланысты. Әкелеріміз еңбек
жолын Қарсақбайдан бастаған, – дейді «ЖМЗ
– Флагман» бағдарламасы аясындағы
өзгерістерді қолдағаны үшін «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС Бас директоры Нұрахмет
Нұриевтен ерекше алғыс алған балқыту цехының ауысым шебері Ғалым Мұханбеджан. Бұл күні үздік
қызметкерлерге таңдаған мамандықтарына адалдығы үшін толассыз тілектер мен алғыс сөздер айтылды.



