НҰР-СҰЛТАНДАҒЫ ҚАЗАҚМЫСТЫҢ ҒИМАРАТЫ ӨРТТЕН КЕЙІН СӘТТІ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ
30.03.2022
Компания басшылығы өрт қауіпсіздігі мен еңбекті
қорғауды мүлтіксіз сақтай отырып, заманауи материалдарды, жабдықтар мен
технологияларды пайдалану саласында халықаралық атауы бар және тәжірибесі мол
мердігер ұйымды жұмысқа тартты. Қазақмыс қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы,
жобалық шешімдер саласындағы сарапшылардың қатысуымен, сондай-ақ Тапсырыс
беруші мен меншік иесі тарапынан әрбір орындалатын процесті күнделікті бақылау
кезінде ғимарат меншік иесі мамандарының кәсіби командалық жұмысы жөндеу
жұмыстарының қажетті сапасына қол жеткізуге, шығындардың артық жұмсалуын
болдырмауға және Қазақмыс қызметкерлерінің жұмысы үшін қауіпсіз және жайлы
жағдайларды қамтамасыз етуге көмектесті. Анықтама: Нұр-Сұлтан қаласындағы Тұран даңғылында орналасқан
Қазақмыс компаниясының әкімшілік
ғимаратында өрт 2021 жылдың 21
қыркүйегінде кешкі уақытта болды. Алғашқы өрт сөндіру бөлімшесі келген кезде
сыртқы қабырғалардың төсемі жанып
жатқаны анықталды.
Бұл битум мембрананы газ оттығымен балқыту
жұмыстары кезінде өрт
қауіпсіздігі ережелерін бұзу нәтижесіндеорын алған. Өрт бір сағаттан аз уақыт ішінде
ауыздықталып, сөндірілді. Өрт салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.



