ӘЛЕМДІК ДЕҢГЕЙДЕГІ БІЛІМ
19.04.2022
Бұл
"Қазақмыстың" қызметкерлері қатысатын
"WorldSkills"брендімен өтетін бірінші және екінші жарыс емес. 2018
жылдың қазан айында "Kazakhmys Holding (Қазақмыс Холдинг)" ЖШС
қызметкерлері Екатеринбург қаласында өткен WORLDSKILLS HI-TECH-ке қатысып, бірнеше
жүлделі орындарға ие болды. Сондай-ақ, 2020 жылдың ақпан айында Балқаш өңірінде
орналасқан компаниялар базасында "WorldSkillsKazakhmys 2020" кәсіби
шеберліктің 1-ші корпоративтік чемпионаты ұйымдастырылды. Жарысқа
"Қазақмыс корпорациясы" ЖШС-нің жас мамандары мен Балқаш және Сәтбаев
қалаларында орналасқан корпорация колледждерінің студенттері қатысады. Барлығы
– 56 адам. "Дәнекерлеу
ісі", "Слесарлық іс" және "Электромонтаж" құзыреттері
бойынша жарыстар "Балқаштүстімет" ӨБ ЖМММ-нің шағын дайындау учаскесі
базасында өтеді. Ал "еңбекті қорғау" және "графикалық
дизайн" бойынша жарысқа қатысушылар Политехникалық колледжде өзшеберліктерін
көрсетеді. Жастарға
кәсіптік бағдар беру мақсатында чемпионатқа мектеп оқушылары, колледж
студенттері, мемлекеттік органдардың өкілдері, кәсіпорындардың қызметкерлері
мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының мұғалімдері, сондай-ақ
басқа да мүдделі тұлғалар қатысады. Сәттілік тілейміз!



