Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

Жұмыс сапары

Осы екі кәсіпорында 1100-ден астам кеншілер мен байытушылар жұмыс істейді. Кеніш пен фабриканың жобалық қуаты 2016 жылы өндірілген және өңделген кеннің 3,5 миллион тоннасына есептеледі. Нурмухамбет Абдибековты облыс әкімінің орынбасары Ануар Ахметжанов, Бұқар Жырау ауданының әкімі Нуркен Кобжанов, Өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Толеген Игембаев алып жүрді. Облыстық делегацияны Нұрқазған кешені кәсіпорындарының жұмысымен «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Бас директоры Бахтияр Крыкпышев, сондай - ақ екі кәсіпорынның директоры-Алтынбек Бисариев пен Мурат Бурибаев таныстырды. Арнайы жұмыс киімдері және жеке қорғаныс құралдарымен дұрыс жабдықталғаннан кейін қонақтар тау-кен және конвейерлік учаскелерге, жерасты жөндеу пункті мен қоймаларға бару үшін жер астына түсті. Содан кейін барлық делегация байыту фабрикасына барып, қонақтардың назарына бірегей тау-кен байыту жабдығын ұсынды, кәсіпорынның жұмыс циклімен, мыс концентратын өндіру технологиясымен және өндірісте автоматтандырылған жүйелерді қолданумен таныстырды.