Айдарлы аймағында жұмыстар жалғасуда
14.09.2021
Аймақта желіні қалыңдатуға және геологиялық сүйемелдеуге бұрғылау жұмыстары атқарылады. Жалпы алғанда, ағымдағы жылдың соңына дейін шамамен 37 мың п.м. бұрғылау жоспарланған. Бүгінгі таңда бұрғылауды 8 бұрғылау қондырғысы жүргізеді. Мұнда екі дала лагері жұмыс істейді. Сапар барысында геологтар бұрғылау процесіндегі ұңғымалардын өзегін қарап шықты. Айдарлы кен орнын пайдалануға беру талқыланып, келесі жылы компания шарттардың техникалық-экономикалық негіздемелерінің есебін ұсынуды жоспарлап отыр. Компанияның бас геологы Павел Ниценко : «Айдарлы кен орны іс жүзінде барлау мен игеру кезеңіне дайындалған, қазір біз егжей-тегжейлі желі бойынша бұрғылаудамыз. Болашақ дамудың жоспарында тау-кен техникалық, технологиялық және экономикалық мәселелері шешілуде. Сонымен қатар Айдарлы кенішінің айналасы іздестіру тұрғысынан толық зерттелмеген, сондықтан біз қазіргі геофизикалық және геологиялық барлау технологиялары мен кешенді әдістерді пайдалана отырып, бұрынғылардың қолда бар геологиялық материалдары негізінде кешенді геологиялық-геофизикалық зерттеу бағдарламасын әзірледік» - деп атап өтті.



