Қазақстандық Өнім Жасаймыз!
04.11.2021
Корпорацияның тапсырысы бойынша Қарағанды құю-машина жасау зауыты байыту фабрикаларының өндірістік қызметі үшін флотациялық жабдықтар шығарады. Бүгінгі таңда Жезқазған байыту фабрикасына аттанған МФКП-3,2 22 камералық флотомашинасы өндіріліп, жөнелтілді. Жыл соңына дейін тағы төрт машина шығаруды жоспарлап отыр. Екі алты камералы және екі сегіз камералы МФКП-6,3 маркалы машиналар ББФ-на жөнелтіледі. Флотациялық жабдықтар бөлшектермен тасымалданады және фабрикада жиналады. Флотомашиналар - кенді байытуға және концентрат алуға арналған сыйымдылық түріндегі құрылғы. Мұндай агрегаттар Қазақмыстың барлық фабрикаларында қолданылады. Корпорацияда барлығы төрт кен байыту фабрикасы бар - Жезқазған, Балқаш, Қарағайлы және Нұрқазғанда.



