Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

«Қазақмыс» қызметкерлерін вакцинациялау туралы

Бұл вирус бүкіл ел бойынша үш мыңнан астам адамның өмірін қиды, оның ішінде «Қазақмыс» тобының 19 қызметкері де бар. Осы аурудың салдарынан болатын өлім  бүкіл әлемде күн сайын тіркелуде. 2021 жылғы мамырдың бірінші онкүндігіне «Қазақмыс» компанияларының  құрылымдық бөлімшелерінде және олардың мердігер ұйымдарында коронавирустық инфекциямен сырқаттанудың 1954 оң жағдайы тіркелді, оның ішінде: - 1838 адам сауығып кетті; - стационарлық емдеуде 30 адам; - амбулаториялық емдеуде 67 адам; - 19 адам қайтыс болды. Қазақмыс компанияларының қызметкерлері  қатардағы жұмысшыдан бастап бөлімшелердің бірінші басшыларына дейін вирустық инфекцияның  әртүрлі дәрежесіне ұшыраған. Бүгінгі таңда елімізде халықты белсенді вакцинациялау жүріп жатыр. «Қазақмыс» өз жұмыскерлерінің өмірі мен денсаулығына қамқорлық жасайтын әлеуметтік-жауапты компания ретінде мемлекеттің бастамасын қолдап, өз қызметкерлері арасында вакцинациялау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Қазіргі уақытта компанияның 13 мыңнан астам қызметкері ерікті тегін вакцинациядан өтуге ниет білдірді, оның ішінде 8 мыңнан астам адам вакцинациялаудың бірінші кезеңінен өтті. Бұл жұмыс жалғасын табуда.