Ақ жол, түлектер!
01.07.2022
«Балқаштүстімет» ӨБ кәсіпорындары мен «Қазақмыс
Смэлтинг» ЖШС басшылары түлектерге жылы
лебіздерін білдіріп, алған дипломдары оларға лайықты жұмыс табуға
көмектесетініне, онда өздерінің кәсіби біліктері мен дағдыларын көрсете алатынына
сенім білдірді. Түлектердің ата-аналары
Алғыс хаттармен марапатталды. «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС политехникалық колледжі компания кәсіпорындары үшін Балқаш өңіріндегі
кадрлар ұстаханасына айналды. 2012 жылдан бастап оқу орнын мыңнан астам қыздар
мен жігіттер жұмысшы мамандығын бітіріп шықтың. Олардың басым бөлігі аға буын металлургтердің
дара жолын жалғастыра отырып, «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС құрылымдық бөлімшелерінде еңбек етеді.



