Құрметті Қазақмыс Тобы компанияларының қызметкерлері!
18.03.2022
Бұл мереке Қазақстан халқының
мәдениетінің ұлылығы мен үздік дәстүрлерін бейнелейді.
Ақтың молаятын, Тіршіліктің жаңаратын, Өмірдің
жаңғыратын, Көңілдің кеңейетін кезеңі – Наурыз мейрамы құтты болсын! Мен біздің
үлкен және көпұлтты компаниямыздың бір бөлігі болғаныма қуаныштымын. Әрбір
Қазақмыстың қызметкері жауапкершілігі мен еңбексүйгіштігімен ерекшеленеді.
Компания әрбір қызметкерді бағалайды, ал Қазақмыстықтар іске деген кәсіби
көзқарасымен және жұмыстағы жетістіктерімен құрметпен жауап береді. Өндірістік
жоспарды орындап, алға қойылған міндеттерді дәйекті түрде жүзеге асырудамыз. Бәріңізді көктемнің жарқын мерекесі Наурыз мейрамымен шын
жүректен құттықтаймын. Наурыз күні ойға алған барлық арман-мұраттарыңыз
орындалып, үміттеріңіздің ақталуына
тілектеспін! Компания басшылығы Наурыз мерекесіне орай "Қазақмыс" компаниялар тобының барлық қызметкерлеріне 30 мың теңге көлемінде біржолғы сыйақы төлеу туралы шешім қабылдағанын хабарлаймыз! Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Андрей
Гайдин



