Құрметті әріптестер - \"Қазақмыс\" қызметкерлері!
18.03.2022
Биылғы жыл
оңай басталған жоқ. Бірақ барлық қиындықтарға қарамастан, біз ұйымшылдықтың
және бір-бірімізге деген қамқорлықтың арқасында компания алдына қойылған
міндеттерді орындадық. Бүгін біз Наурыз мейрамын жақсы көрсеткіштермен қарсы
алып, еңбектенуді және Қазақстанның дамуы мен гүлденуіне елеулі үлес қосуды
жалғастырудамыз. Барша Қазақмыс қызметкерлеріне тынымсыз және жемісті еңбектері үшін шексіз алғысымды білдіргім келеді! Жақсылықтың
жаршысы, жаңа жылдың бастауы – Наурыз мейрамы әр отбасына шат көңіл, бақыт және
береке сыйласын! "Қазақмыс Холдинг" ЖШС Директорлар кеңесінің төрағасы Э. В. Огай



