Құрметті әріптестер!
29.04.2022
Құрметті әріптестер! Сіздерді келе жатқан Қазақстан
халықтарының бірлігі күнімен құттықтаймын! Бұл мемлекеттік мереке біздің Республикамыздың игілігі үшін бейбіт өмір
сүріп, еңбек етіп келе жатқан көпұлтты Қазақстан халқының тамаша бір
көрінісі. "Қазақмыс" компаниясының мыңдаған көпұлтты ұжымы еліміздің дамуына тұрақты үлес
қосып келеді. Біз өндірісте ғана емес, әлеуметтік салада да, еңбекті қорғау саласында
да үлкен табыстарға қол жеттік. Бұл-біздің сіздермен бірге жеткен ортақ нәтижеміз! Мен сіздерге еңбек жолында үлкен табыс тілеймін. Ең
бастысы, біз өз мақсаттарымызға тек бірлескен күш-жігер арқылы жетеміз! Еліміздің жарқын
болашағы жолында отбасыларыңызға амандық, бақыт пен береке тілеймін! Құрметпен, "Қазақмыс
Холдинг" ЖШС Директорлар кеңесінің
төрағасы Э.В. Огай



