Шындық – өмірлік ұстаным
20.10.2020
Жалгасбек Тусупбеков Қарағанды облысының Кеніш кентінде дүниеге келген. Жалгасбек
қарапайым жұмысшы отбасынан шыққан: әкесі – учаске бастығы, анасы – үй шаруасындағы
әйел. Жалгасбек жоғары білім алып, тау-кен машиналары мен кешендерінің
инженер-механигі атанды. Әкесі өмір бойы № 45 шахтада жұмыс істегендіктен, ол
да саналы түрде өндіоіске барды. «Бізге әрқашан шындықты айтуды үйретті. Өтірік айту жақсы емес және жауапты болу керек деп үйретті» Жалгасбек өз жұмысын 1982 жылы ОЖК № 45 шахтасында бастады, сол кезде жонушының
оқушысы болды, Жезқазған тау-кен техникумында электромеханик болып оқыды, содан
кейін ЖезУ-дің кешкі бөлімін бітірді, ұңғыма учаскесінің механигі болып жұмыс
істеді. Содан кейін жүк оқпанының бастығы, СЖСЖК көлік цехының бастығы болды, 2003
жылдан бастап аға механик болып жұмыс істеді, ал 2009 жылдан бастап бүгінгі
күнге дейін № 16 электр монтаждау учаскесінің бастығы болып табылады. «Бір уақытта оқу және жұмыс істеу қиын болды, бірақ дәл осы қиындықтар мені шынықтырды және мақсатқа ұмтылған жағдайда барлық қиындықтарды жеңуге болатынына сенуге көмектесті. Қазіргі уақытта менің лауазымдық міндеттеріме жұмысты ұйымдастыру, нарядтар беру, учаскенің техникалық құжаттамасын жүргізу және учаске қызметкерлерінің әлеуметтік мәселелерін реттеу кіреді.Жұмыс күні 7:00-де жұмыстарды орындауға наряд беруден, ҚТ бойынша нұсқама беруден және берілген жұмыстардың орындалуын бақылаудан басталады. Біздің учаске «Қазақмыс» корпорациясы» нысандарында күрделі құрылыспен айналысады. Біз жерасты жөндеу пункттерін, конвейерлерді салдық, кабельдерді оқпандарға төседік» Жалгасбектің жұбайы ШІҚ-де жұмыс істейді. Некелеріне 37 жыл болған, төрт
баланы тәрбиелейді – екі қыз және екі ұл. Олар тату-тәтті тұрады және бір-біріне
үнемі қолдау көрсетеді. Жалгасбек Тусупбековтің нұсқаулары: «Тынымсыз жұмыс жасаңыз! Соңғы
нәтижеге жұмыс істеу және қауіпсіздік туралы ұмытпау керек». Дереккөз: nur.kz



