Ең бастысы – ұмтылыс
19.10.2020
Ермек Жумаканов Өскеменге жақын орналасқан Ақбұлақ ауылынан. Оның әкесі
автобус паркінің жүргізушісі, ал анасы ауруханада рентген-зертханашы болып
жұмыс істеген. Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде «Өнеркәсіптік
жылу энергетикасы» мамандығы бойынша жоғары білім алды. 2007 жылы Ермек Жумаканов «АлтайЭнергоНаладка» ЖШС-де өндірістік тәжірибеден
өтіп, онда жұмыс істеуге қалды және екі жылдан кейін инженер болды. 2013 жылы
ұйымның директоры болып тағайындалды, ал 2014 жылы түйіндемесін «Қазақмысқа»
беруге шешім қабылдады, онда техникалық даму департаменті жанындағы жобаларды
басқару орталығында қызмет атқарды. «Әрине, қиындықтар мен ауырлықтар болды, бірақ мұның бәрін еңсеруге болады.Қазір менің лауазымдық міндеттеріме: негізгі және қосалқы цехтарды электр энергиясын жеткізуден бастап өндіруге дейін бақылау, дұрыс пайдалану және еңбек жұмысын ұйымдастыру кіреді. Маған жұмысым ұнайды. Ұжымымыздың климаты тамаша, қызметі үйлесімді, қызметкерлер мен басшылықтың сенімді қарым-қатынасы бар.Күн сайын таңғы 7:10-да ауысым бастықтарымен айналып тесеріс жасап шығамын, ағымдағы күнге жоспар әзірлеймін. 8:30-да мен күніне жоспар бойынша негізгі цехтармен селектор өткіземін, өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша жұмысты бақылаймын және қоймалардағы қалдықтарды бақылаймын. Барлығына да үлгеру керек. Біз барлық мәселелерді байсалды және тыныш шешуіміз керек» Ермек Жумаканов жұмыстан бос уақытында футболды, балық аулауды және
табиғатта демалуды жақсы көреді. Бос уақыт әдеттегіден сәл артық болған кезде,
ол футбол матчтарына талдау жасайды және оны достарымен және әріптестерімен
талқылайды. Ермек Жумакановтың «Қазақмыс» қызметін жаңадан бастаушыларға және
корпорацияның табысты қызметкері болғысы келетіндерге арналған кеңесі: «Алғашқы күндерден бастап барынша
күш жұмсаңыз, әр минутты ескеріңіз. Өзіңізге адал болыңыз және жауапкершіліктен
қорықпаңыз. Мақсатқа жету үшін тек алға ұмтылу керек екенін ұмытпаңыз! Жалқаулыққа
бой алдырмаңыз! Алдыңызға үлкен мақсаттар қойыңыз, жан-жақты және ұтқыр
болыңыз, өзіңізді толықтай іске асырыңыз және қандай бір шектеу ішінде өмір
сүрмеңіз!» Дереккөз: nur.kz



