Қазақмыс тәуекелді нысанаға алуды жариялады
29.06.2021
Осылайша, компания басшылығы жұмыскерлерді қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауға және жұмыс орындарында жарақат алу қаупін азайтуға ынталандырады. Осы конкурстарға лауазымы мен мамандығына қарамастан «Қазақмыс» компаниялар тобының («Қазақмыс корпорациясы» ЖШС, Қазақмыс Смэлтинг, Қазақмыс Энерджи, Топар бас энергия тарату станциясы, Қазақмыс Дистрибьюшн, Қазақмыс Коал) барлық жұмыскерлері қатыса алады. Конкурстардың қорытындысы 2021 жылғы 30 шілдеде «Қауіпсіздік сағаты» іс-шарасында шығарылады. Өтінімдер 17 шілдеге дейін қабылданады.Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен және естелік сыйлықтармен марапатталады. «Тәуекелді нысанаға алу» конкурсы Конкурстың мақсаты - кәсіпорынның Тәуекелдер тізіліміне енбеген сындарлы учаскелеріндегі тәуекелдерді анықтау - ТБЖ әдістемесіне сәйкес түзету шараларын әзірлеумен тәуекелдерді қайта бағалау немесе барынша нәтиже кезінде (ТЖБ-ға әсер ету) ең аз шығындармен неғұрлым тиімді шешімдер әзірлеу мақсатында сәйкестендірілген және бағаланған тәуекелдер бойынша бұрын әзірленген іс-шараларды қайта қарау. Конкурстың қағидалары Тәуекелдерді қайта бағалау кәсіпорынның сыни учаскелерінде жүзеге асырылады. Учаскені сыни учаске қатарына жатқызу критерийлері: «ӨҚжЕҚ бойынша үздік уәждемелі бейнеролик» конкурсы Конкурстың мақсаты - еңбек қорғау және қауіпсіздігі талаптарын мүлтіксіз сақтауға шақыратын бірегей бейнеролик жасау. «ӨҚжЕҚ саласындағы үздік тиімді шешім»конкурсы Конкурстың мақсаты – ТЖБ-ны төмендетуді қамтамасыз еткен тиімді бастамаларды таңдау (ПШС-дан бастап бастаманы іске асыруға дейінгі барлық сатылардан өткен).



