Мықтылардың мықтысы
02.11.2021
Конкурсты уйымдастырушы: "Жастар болашак" Жастар одагы. Өндірістегі
өнеркәсіптік қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша өндірістік тәртіпті нығайту,
жұмысшылардың кәсіби дағдыларын жетілдіруге қызығушылығын арттыру, сондай – ақ
бригадирлер арасында кәсіби шеберлікті арттыру-конкурсты ұйымдастырушылар
алдына қойған мақсаттар осы. Байытушылардың еңбек ұжымы арасындағы байқау бір
ай бойы екі кезеңнен тұрды. Байқаудың
бірінші кезеңіне фабриканың төрт цехынан 14 бригада қатысты. Мұнда байытушылар тапсырма
бұйрықтарын орындау кезінде құралдарды дұрыс қолдануды және өндіріс туралы
практикалық білімдерін көрсетті. Бұл кезеңде екінші турға өткен 6 бригада өз
білімдерін растады. Екінші кезеңде цехтардың өкілдері – алты адам өндірістегі өнеркәсіптік
қауіпсіздік теориясы бойынша өз білімдерін сынады. Қорытынды
бағалау бойынша орындар келесідей бөлінді: Сондай-ақ, "белсенді қатысқаны
үшін" және "ұжымдық қолдау
көрсеткені үшін" номинациясы бойынша
ынталандыру сыйлықтары конверторлық шлактарды қайта өңдеу цехының механикалық
қызметі Нұрсұлтан Құрмановтың бригадасына және қалдықтарды жинау цехының Ринат
Юзеевтің бригадасына берілді.



