Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбек қорғау жөніндегі конкурс басталды!

Оның мақсаты – компания кәсіпорындарындағы еңбек жағдайын дамытуға және жақсартуға елеулі үлес қосуда ерекше көзге түскен қызметкерлерді көтермелеу. Жеңімпаздарды Қазақмыстың әрбір қызметкері таңдай алады. Ол үшін 2022 жылғы 02-09 желтоқсан аралығында келесі номинациялар бойынша онлайн дауыс беру ашылады: 1) «ТҚ және ЕҚ саласындағы үздік жұмысшы»; 2) «Үздік желілік жетекші»; 3) «ТҚ саласындағы кәсіпорынның үздік басшысы»; 4) «ТҚ және ЕҚ бөлімінің үздік қызметкері»; 5) «ТҚ және ЕҚ саласындағы Үздік әдіскер»; 6) «ТҚ және ЕҚ саласындағы үздік бейінді маман»; 7) «ТҚ және ЕҚ саласындағы үздік ынталандырушы бейнеролик»; 8) «ТҚ және ЕҚ саласындағы Үздік бригадир»; 9) «ТҚ және ЕҚ саласындағы үздік учаске бастығы»; 10) «ТҚ және ЕҚ саласындағы үздік тау-кен шебері»; Дауыс беруге лауазымы мен кәсібіне қарамастан бөлімшелердің барлық қызметкерлері қатыса алады. Әр қызметкер тек бір ғана ҚАТЫСУШЫҒА өз дауысын бере алады! Дауыс беру 2 желтоқсанда сағат 9:00-де бастап, 9 желтоқсан 17:00-ге дейін жалғасады. Онлайн дауыс беруге арналған сілтеме: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfzkGlJ7oRbOhQ3WN4H5Rv8MzwHoNxOGDSS1bl1RVZ8gIBepw/viewform?usp=sf_link Дауыс беру үшін сілтеме бойынша өту керек немесе форманы ашу үшін QR кодын сканерлеу керек: Қазақмыс Тобының компанияларындағы құпиялылық режиміне байланысты сізден мобильді құрылғы арқылы дауыс беруіңізді сұраймыз. Компанияның байқауына белсене қатысыңыз! Әр қызметкердің дауысы маңызды!