Ұжымның салтанатты жиналысы
14.12.2021
Ұжыммен кездесуді "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Андрей Павлович Гайдин өткізді. Ол ұжымға үйлесімді жұмысы мен жемісті жылы үшін алғысын білдірді. "Жалпы, жыл қорытындысы бойынша жоспарлы көрсеткіштерден асып түсу жоспарланған. Жаһандық нарықтағы мыс бойынша баға конъюнктурасы мен әлемдік нарықтардағы металлымыздың тапшылығы көп жағдайда Қазақмысқа көмектеседі, сондықтан бізде өндірісті ұлғайту үшін негіз бар. Біз жұмыскерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударамыз. Өйткені, біздің басты ресурсымыз-біздің жұмыскерлер. Кез-келген өндіріс үшін бірінші міндет компанияның әр қызметкерінің қауіпсіздігі мен денсаулығы басты назарда. Біз жаңа технологияларды игеріп, өндіріске ақылды машиналарды енгіземіз", - деп атап өтті Андрей Павлович. Салтанатты жиында көп жылғы адал еңбегі үшін 54 қызметкер I, II және III дәрежелі "Кенші даңқы" және "Еңбек даңқы" салалық төсбелгілерімен марапатталды. Қызметкерлерді ынталандыру бойынша компания барлық міндеттемелерін толық көлемде орындады және қызметкерлер осындай маңызды мерекеге өзінің жанқиярлық еңбегі үшін 13-ші сыйақымен марапатталды. Басшылық алдағы жылы барлық қызметкерлердің еңбекақысы қызметкерлер санатына қарай 8-10 пайызға өсетінін атап өтті. Қазақмыс баспасөз қызметі



