Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

Ардагерлерге салтанатты құрмет көрсету

2020 жылдың 05 мамырында «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС қолдауымен «NUR OTAN» партиясы «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС жанындағы Қарағанды филиалы жыл сайынғы өткізіліп жүрген іс-шаралар мен «Ардагерлерді ардақтайық» партия жобасын іске асыру аясында Ұлы Жеңістің 75 жылдығын мерекелеу қарсаңында Қарағанды, Балқаш, Сәтпаев, Жезқазған қалаларының Ұлы Отан соғысы ардагерлерін салтанатты түрде құттықтау және мерекелік іс-шарасы ұйымдастырылды. Сонау сұрапыл жылдары майдан даласында Отанымыз үшін ерлікпен, қаһармандық танытқан ардагерлеріміз Вера Степановна Виноградоваға, Иван Кузьмич Артеменкоға, Алексей Михайлович Миненкоға, Александр Тимофеевич Гусакқа, Тоғай Дауылбаевқа құрмет көрсетіліп, бағалы сыйлықтар табысталды. Майдангерлердің және соғыстан кейінгі кезеңдегі ардагерлердің көрсеткен ерліктері бүгінгі қазақстандықтардың және болашақ ұрпақтың Отанға шынайы қызмет етудің үлгісі болып табылады! «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС-і мен «NUR OTAN» партиясы «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС жанындағы Қарағанды филиалы ардагерлерге 1 000 000,00 теңге сертификаттары мен азық-түлік себеттерін табыс етті.