Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

Жалақының өсуі

"Қазақмыс" басшылығы 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап барлық санаттағы қызметкерлердің жалақысын 7- ден 10 пайызға дейін саралап көтеру туралы шешім қабылдады.  Қазақмыс" компаниялар тобы бойынша ең төменгі жалақы 140 000 теңге мөлшерін құрайды. Басқарма аппаратының қызметкерлері үшін жалақыны көтеру инфляция деңгейінде болады және 5,4%- ды құрайды .  Естеріңізге сала кетейік , өткен жылы "Қазақмыс" инфляция есебімен жұмысшылардың жалақысын екі рет көтерді- 2019 жылдың қаңтарында 15 500 теңгеге және 2019 жылдың шілдесінде 20 000 теңгеге. Соңғы бес жылда компания еңбекақыны арттыруға 46 млрд. теңгеден астам қаржы жұмсады.