Қауіпсіздік күзетінде
27.11.2020
Жұмыс орнында алкогольге немесе есірткіге мас күйде болу айналадағылар үшін және адамның өзіне де өмірлік қауіпті жағдайларды тудырады, сонымен қатар қауіпсіздік техникасын және Қазақстан Республикасы заңнамасын өрескел бұзушылық болып табылады. Есірткі заттарын сақтау және қолдану қылмыс болып табылады және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтырады. Мұндай жағдайларға жол бермеу – әр адамның жеке ұстанымы. «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Қауіпсіздік департаменті құқық қорғау органдарымен бірге қақтығысты жағдайларды анықтау мақсатында күнделікті алдын алу іс-шараларын жүйелі негізде жүргізеді және еліміздің заңнамасын және жергілікті актілерді бұзушылықтардың алдын алу бойынша ескерту шараларын қабылдайды.



