Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

Нәтиже – ең басты ұстаным!

Рябоконь әулеті Григорий Николаевич Рябоконьдан бастау алады: оның еңбек жолы құрылыс саласында 1965 жылы № 108 училищеге түсу кезінде басталды. Анна Михайловна Рябоконь сылақшы болып жұмыс істеді. Суретте: Григорий Николаевич Рябоконь. ДТМК. Жезқазған тау-кен металлургия комбинатының құрылыс-монтаждау басқармасы. Тас қалаушы. Анна Михайловна Рябоконь. ДТМК. Жезқазған тау-кен металлургия комбинатының құрылыс-монтаждау басқармасы. Сылақшы-сырлаушы. Екеуінің де еңбек өтілі – 48 жылдан. Қазір кәсіпорында жұмыс істейтіндер: Александр Григорьевич Рябоконь. «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС, «Жезқазғантүстімет» ӨБ құрылыс-механикалық басқармасы. № 2 учаске тас қалаушысы. Еңбек өтілі – 27  жыл. Николай Григорьевич Рябоконь. «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС, «Жезқазғантүстімет» ӨБ құрылыс-механикалық басқармасы. № 2 учаске тас қалаушысы. Еңбек өтілі – 27 жыл. «Мен өз жұмысымның нәтижелерімен мақтанамын. Бұл – қалалық аурухананы, Сәтпаев қаласының спорт кешенін, «Дарис» стоматологиялық орталығын, мешітті, шіркеуді қайта құрылымдау. Ең бастысы, біз өндірістік қажеттілік ғимараттарын – мыс балқыту зауытындағы көмір қышқылы цехын, 67 шахтаның әкімшілік-тұрмыстық кешенін және тағы басқаларды тұрғызуға көмектестік» Рябоконь отбасының ұстанымы – өз мамандығына жауапкершілікпен қарау. «Бізде барлық отбасылық жағдайлар жұмыспен байланысты, өйткені мен құрылыс саласында 27 жылдан бері істеймін , ал ата-анам – 40 жыл жұмыс істеген. Сәйкесінше, біздің бүкіл өміріміз ортақ жұмысымызбен байланысты. Мысалы, Жезқазған байыту фабрикасында сығымдағыш қондырғыны қайта құрылымдауды әкем бастап, 2013 жылы ол зейнетке шықты және біз бұл ғимаратты қайта құрылымдауды жалғастырдық. Біз, тас қалаушылары ретінде ғимарат саламызз, ал анам сылақпен айналысқандықтан, оның әрлеуін жасайтын еді. Біз барлық уақытта бірге жұмыс істедік» Дереккөз: nur.kz