Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

Мемлекет басшысы «Қазақмыс» ардагерлеріне мемлекеттік наградалар тапсырды

«Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС Жезқазған мыс қорыту зауытының ардагері, зауыттағы Әйтеновтер әулетінің өкілі Мұханбет Әйтенов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан ІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденін, «Қазақмыс Дистрибьюшн» ЖШС Сәтбаев қаласы Жылу энергетика кәсіпорнының ардагері Жұмакелді Бердібаев ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденін алды. Салтанатты жиында өнеркәсіп, транспорт, құрылыс, ауыл шаруашылығы және басқа материалдық өндіріс салаларының барлығы 76 еңбеккері «Еңбек ждаңқы» орденімен марапатталды.