Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

Мерейтоймен құттықтаймыз!

Қаланың, корпорация мен кәсіпорынның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан жеке үлесі үшін бірқатар қызметкерлер Балқаш қаласы әкімінің атынан Алғыс хаттармен, «Қазақмыс Холдинг» ЖШС директорлар Кеңесі төрағасының және «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС Бас директорының Құрмет грамоталарымен марапатталды. «Үздік бригадир», «Үздік шебер», «Өндіріс озаты», «Тәлімгер» және «Жас маман» номинациялары бойынша 37 еңбеккерге Құрмет грамотасы тапсырылды. Өз қамқорлығындағы еңбеккерлерді «КәсіпҚорған» кәсіподағының Балқаш филиалының кәсіподақ комитеті, «Қазақмыс» және «Жастар Болашақ» Жастар одағының төрағалары құттықтап, қоғамдық ұйымдардың өміріне белсенді қатысқаны үшін 27 жұмыскерді Құрмет грамоталарымен марапаттады. «Жастар Болашақ» Жастар одағы атынан «Даңқты жастар» төсбелгісі мысты электролиздеу цехының химиялық қорғау жұмыстары телімінің оқшаулаушысы Владислав Подолякоға табысталды.