Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

А.Гайдин: «Құрылыс қарқыны бәсең демеуі керек»

Жыл соңына дейін тағы 114 000 тонна тотыққан кенді өндірістік алаңға жинақтай отырып, құрамында 1,67% мыс бар 200 000 тонна сульфидті кенді өндіру жоспарланған. Ол темір жол арқылы Ащысу станциясынан Балқаш фабрикасына жіберіледі, онда 2022 жылғы қыркүйектен бастап қайта өңделетін болады. Өндіріс алаңындағы құрылыс  жұмыстарын бағалау мақсатында «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Гайдин Андрей Павлович корпорацияның техникалық дирекциясымен, сондай-ақ «Транко»  АҚ өкілдерімен бірге Ащысу станциясында болып, жүкті өлшеуге арналған таразы құрылғысы бар  жедел жолы мен қайта тиеу алаңы бар жоспарланған темір жол тұйығының  аумағы орналасқан  нысандармен танысты. Станция аумағындағы жұмыстармен танысқаннан  кейін тексеріс тобы «Хаджиконган» өндірістік алаңына бет алды.  Тау-кен жұмыстары қарқынды жүріп жатқан карьерде төрағаның бірінші орынбасары мұндағы құрылыстың басталуына дайындық жұмыстарының барлық кезеңдерін талқылады. Әсіресе,   жобаларды келісу және құрылысқа рұқсат алу мәселелеріне баса көңіл бөлу қажеттігін алға тартты. Құрылыс қарқынын жеделдету мақсатында А.П.Гайдин «Транко» АҚ-на қажет болған жағдайда  мамандандырылған ұйымдарды тарта отырып, жұмыстарды  мерзімінде сапалы жүзеге асыруды тапсырды. Кездесу соңында  Андрей Павлович корпорацияның «Хаджиконган» кен орнынан Балқаш фабрикасына сульфидті кенді жыл соңына дейін жөнелту бойынша нақты міндеттерді жүзеге асыру қажеттігін ескертті. Сондай-ақ, ол Алтынсу өзені арқылы өтетін  тас жолы мен  Ащысу станциясындағы темір жол тұйығы нысандарындағы құрылыс жұмыстарының сапасы мен пайдалануға беру  маңызды рөл атқаратынын атап өтті.