Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

«ҚАЗАҚМЫСТЫҢ» ӨНДІРІСШІЛЕРІ ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ ҮШІН ПРЕЗИДЕНТКЕ АЛҒЫСТАРЫН БІЛДІРДІ

«Бүгін Ұлытау-Жезқазған аймағының қайта жаңғыруының жаңа кезеңі басталды. Өңір тұрғындары атынан қабылданған шешім үшін, еліміздің рухани мұрасын жаңғырту мүмкіндігі үшін алғыс білдіреміз» – делінген Жаңа облыс тұрғындары атынан  жолданған хатта. Өз кезегінде, Балқаш өңірінің тұрғындары осы күрделі шешімді қабылдау барысында олардың ұсыныстарының  назарға алынғаны үшін алғыс білдірді.