Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевқа ашық хат

«Қазақмыс» компаниялар тобының мыңдаған еңбек ұжымдары Сізді Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына сайлануыңызбен құттықтайды! Сіздің сайлаудағы сенімді жеңісіңіз – еліміздің халқының, оның ішінде, «Қазақмыс» тобы кәсіпорындарының қызметкерлерінің  жоғары сенімі мен қолдауының айғағы. Президент болған үш жыл ішінде сіз өзіңізді көреген саясаткер, тәжірибелі дипломат және нағыз бітімгер ретінде көрсеттіңіз. Сіздің басқарушылық қасиеттеріңізді қазақстандықтар ғана емес, әлемдік қоғамдастық та жоғары бағалайды. Сіз өзіңізді халқымыз үшін тағдырлы шешімдер қабылдай алатын жоғары кәсіби басшы ретінде таныттыңыз. Осымен сіз біздің азаматтарымыздың қолдауы мен құрметіне лайықсыз. Бүгін Қазақстан жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Алдағы реформалар халықтың тілектеріне тиімді жауап болатынына және бұрын-соңды болмаған сыртқы сын-қатерлер жағдайында еліміздің тұрақтылығын қамтамасыз ететініне сенімдіміз. Біз Қазақстанның тұрақтылығы мен қауіпсіздігін нығайтуға ықпал ететін ауқымды өзгерістер сізбен бірге жалғасады деп сенеміз. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, «Қазақмыс» Тобының әрбір қызметкері атынан біз бұрынғыдай Қазақстан экономикасының берік негізі болып табылатын елдің тау-кен металлургия саласына ерекше назар аударғаны үшін ризашылығымызды білдіреміз. Біз, геологтар, кеншілер, байытушылар, металлургтер мен энергетиктер, Сізге зор денсаулық пен алға қойылған міндеттерге қол жеткізуге күш-қуат тілейміз. Өз кезегімізде жаңа қазақстандық қоғамды нығайтуға жан-жақты қолдау көрсетуге уәде береміз. Біз бірге Әділетті Қазақстан құратынымызға сенімдіміз! Құрметпен, «Қазақмыс» компаниялар тобы еңбек ұжымы