Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

Жаңа мурал Жезқазған байыту фабрикасының аумағына сән беріп тұр

Сонымен қатар, фабрика аумағындағы жоғары вольтты шиналар галереясының қабырғасына Абай Құнанбайұлының «Берекені көктен тілеме, еңбектен тіле» деген нақыл сөзі жазылып, Ұлытау көріністері бейнеленген. Мурал авторлары жұмыс барысында экофасад бояулары қолданылғанын, муралдардың жауын-шашынға төзімділігін, кемінде үш жыл мерзімге кепілдік берілетінін айтады. Бұған дейін ЖК «Ратов Е.» суретшілері Жезқазған қаласы Алашахан даңғылында «Алтын адам», «Тәуелсіздік» монументі, «Рухани жаңғыру», Анарқұлов көшесінде «Ы. Алтынсарин» муралдарын салып, жезқазғандықтардың ыстық ықыласына бөленген.