САПАЛЫ ЖҰМЫС ҮШІН – МАРАПАТ
10.11.2022
Адал еңбегі үшін саланың алты өкілі мемлекеттік салалық марапат – үшінші дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісіне ие болды. Олардың қатарында – түсті металлургия өнімдерін бақылаушы Жанар Әлібекова, байыту өнімдерін бақылаушылар Балдырған Қошмағамбетова, Рымқұл Сыздықова және Балқия Қасымова, рентген-спектрлік талдау зертханасының электрслесары Алиолла Әлкеев, химия зертханасының инженері Айнагүл Сыздықова бар. Сондай-ақ, саланың тағы он үздік қызметкері осы күнге арнайы тағайындалған «Қазақмыс» сапа қызметі» төсбелгісімен марапатталды. Біздің қызметіміз, әрине, кен өндірмейді, флотациямен айналыспайды, металды балқытпайды. бірақ осы процестердің барлығында біз өндірушілерді сүйемелдейміз және бұл шығарылатын өнімнің қорытынды сапасына үлкен әсер етеді. Бұл – біздің мамандығымыздың басты мәні. Мереке құтты болсын құрметті әріптестер!



