\"Қазақмыс корпорациясы\" ЖШС көпфункционалды қауіпсіздік жүйесін енгізуде
14.04.2022
Жоба жетекшісі
Рустем Канафин. Бұл жоба бойынша онлайндық жүйемен жерастында жұмыс
атқарып жатырған жұмыскер мен көліктің тұрған
орынын тікелей кабинетте отырып
бақылауға болады. Осы жүйенің
қолданылуы туралы жоба жетекшісі Рүстем Қанафинге хабарластық. Бізбен тікелей онлайн байланысқа
шыққан жоба жетекшісі жобаны
түсіндірумен қатар жерастында атқарылып
жатқан жұмыстарды кабинетте отырып қалай бақылауға болатынын көрсете отырып, жұмыскердің
және көліктің іс-қимылдағы позициялау жүйесінің функционалануын, таңдалған уақыт кезеңі ішінде
персонал мен техниканың қозғалыс маршрутын қарау жолдарын, осы жобаны іске
асырудың негізгі алғышарттарын
түсіндіріп өтті.
Атап айтқанда: 1.Заңнамалық
талаптарды орындау. Қазақстан Республикасының даму және инвестиция
министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 352 бұйрығына сәйкес "Тау-кен және геологиялық барлау
жұмыстарын жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіп қауіпсіздігін қамтамасыз ету
қағидалары" бекітілді, Оның 54 тармағында бақылау жүйесінің болуы, авариялар туралы хабарлау, кеніштерде персоналдардың жүрген жерін анықтау
және іздеу қажеттілігі регламенттелген.
(Жоғарыда көрсетілген заңнама талаптарын сақтамаған жағдайда, қадағалау
органдары тарапынан кәсіпорынға қызметін немесе жекелеген қызмет түрлерін
тоқтата отырып,
600 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады). 2.Еңбек
қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жүйесін жетілдіру.
Шахтадағы жұмыскерлердің еңбек
орынын анықтап отыру жүйесі , көлікті пайдалану кезінде жұмыскердің
жарақаттануының алдын -алу
мүмкіндігін қамтамасыз ететін құрал
болып табылады, Сонымен қатар қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәдениетін
дамытуға, жауапты адамдарға уақытылы
ескертуге ,тыйым
салынған аймақтарда персоналдың немесе өздігінен жүретін жабдықтың болмауын қадағалауға бағытталған. 3.Техникалық даму. Жер асты байланыс жүйесінің қолданыстағы функционалын датыта түсуге: жұмыскер мен техниканың
тұрған орынын нақтылау, авариялық
хабарлау және жыныс қалыңдығы арқылы жұмыскерді іздеу жүйесін кеңейту , кеніштердің жерасты IT инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жатады. Жоғарыда аталған 67
шахтадағы жүйе 2019 жылдың мамыр айында енгізілді және 2021 жылы "Қазақмыс
корпорациясы" ЖШС басшылығы жобаны "Жомарт", "ШЖК",
"ОЖК", "Западный", "Нұрқазған", "Абыз",
"Саяқ", "Шатыркөл" кеніштерінде тираждау туралы шешім қабылдады.
Кейін бұл тізімге "
Шығыс Сары-Оба " шахтасыда енгізілді. Бүгінгі күні "Шығыс Сары-Оба"
шахтасында және "Жомарт" кенішінде көпфункционалды қауіпсіздік
жүйесін тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалануға енгізу бойынша жұмыстар
жүргізілуде, ал "Западный" кенішінің №67 шахтасында мобильдік құрылғылар
мен қосымшаларды қолдана отырып, қолданыстағы жүйенің функционалын кеңейту
бойынша жұмыстар жүргізілуде
деп тоқталды. Келесі кезекте жоба жетекшісі
қойылған сұрақтарға жауап берді. - Көпфункционалды қауіпсіздік жүйесі
дегеніміз не? - Бұл жерасты радиобайланысы , авария болған жағдайда хабарлау жүйесі және жеке персоналдарға
хабарласу мүмкіндігі, персонал мен көліктің орналасуы, тау жыныстары арқылы
іздеу, персоналдың көлікпен жүріп өзге көлікпен соқтығысуын болдырмау жүйелерінен
тұратын кешенді бағдарлама. - Көпфункционалды қауіпсіздік
жүйесін енгізу қорытындысы бойынша №67 шахтаның қызметкерлерінен қандай
пікірлер болды? - Міне, біз
білетіндей, өзгеріс-бұл біздің өміріміздің ажырамас бөлігі. Алайда,
адамдар көбінесе оларды" қастықпен "қабылдайды, көп жылдық жұмыс тәжірибесі
бар жұмысшылардың инновацияларды қабылдаулары қиын, бірақ бейімделулері қажет. Көпфункционалды қауіпсіздік жүйесі 2013-2015
жылдар аралығында енгізілген жерасты радиобайланысының
қолданыстағы инфрақұрылымы негізінде құрылады. Жерасты радиобайланысын енгізу
кезінде оған күмәнмен қарайтын адамдар болды, ал қазір жерасты радиобайланысқа бейімделіп
кеткендері соншалық, енді олар онсыз т ау-кен жұмыстарын жүргізе алмайды. Жақында шахтаға кезекті түсу кезінде адамдарды
жеткізу бойынша өздігінен жүретін техниканың жүргізушісімен сөйлестім,
көпфункционалды қауіпсіздіктің пайдаланылатын жүйесі бойынша сұрақтар қойдым.
Менің сұрақтарыма жауап ретінде: 1) персонал мен көліктің орналасуын анықтау жүйесі туралы, барлық жұмыскерлердің
атаулы шахталық шамы бар деп жауап берді және олар қазір өздерін әлдеқайда қауіпсіз
сезінеді, өйткені қолданыстағы тау-кен қазбаларының ұзындығын және жер асты
тау-кен қазбаларында жұмыс істеу қаупін ескере отырып, егер ол шықпаса-ауысым
аяқталғаннан кейін тау (жер беті),әр
түрлі себептер болуы мүмкін (мысалы, әл-ауқаттың нашарлауы), диспетчер оның
орналасқан жерінің соңғы нүктесін біледі, бұл оны іздеу мен құтқарудың
тиімділігін жеңілдетеді. 2) көліктің жұмысшылармен соқтығысуының алдын-алу жүйесі туралы қойылған сұраққа: « Сіз қараңғыда жүресіз, ешкім жоқ сияқты,
бірақ
орнатылған жабдық қосылып, шырылдап ескерту бере бастағанда , маңайыңнан,алдыңнан
немесе артыңнан күтпеген жерден жұмысшылар шыға келген кезде,
сіз бұл жүйенің не үшін қажет екенін түсіне бастайсыз,»- деген жауаптар алдық. Осындай пікірлер, менің ойымша, өз қауіпсіздігі
мен әріптестерінің қауіпсіздігін ойлайған көптеген қызметкерлердің ойы. Кейбір
отырыстарда әзілдеп айтылса да, сөзарасында осы қауіпсіздік жүйесінің
жұмысы, жұмысшылар арасында
әңгімеге арқау болып қалады. Мен
өзім Жезқазған қаласының тумасымын, көптеген жақын туыстарым, достарым шахтада
жұмыс істейді, кейде мереке кезінде 67 шахтада енгізілген осы жүйе туралы
әңгімелейді, өйткені корпорацияның барлық басшылығы оларды бақылап отыратындықтан,
олар төртеу болып тамақтануға жинала алмайтындықтарын айтып, әзілдейді. Әрине,
қалжың ғой, алайда , оларға жұмысшы мен көліктің орналасу жүйесінің жұмыс
алгоритмі-қызметкердің орналасқан жерінің соңғы нүктесін анықтау, бұл
бейнебақылау емес және корпорация басшылығы үшін маңыздысы сіздің отырған-тұрғаныңызды бақылау емес, еңбек
қауіпсіздігін қадағалау деп
айтқым келеді. Маңыздысы жұмыстың орындалуы және қызметкердің қауіпсіздігі. - Жабдықтың бүліну жағдайлары болды ма? - Өкінішке орай, бес
саусақ бірдей емес. Вандализмге бейім жұмысшылар бар. Жобаны іске асыру
барысында №67 шахтада атаулы шахта шамдарының бұзылу жағдайлары болды, осы
жағдайлар бойынша кінәлі қызметкерлерді жедел анықтап, кеніш басшылығының
қатысуымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қазір шахта шамдарында мұндай жағдайлар
жоқ, бірақ радио сымдарын,кабельді ұрлау, көпфункционалды қауіпсіздік жүйесінің
желілік жабдықтарын әдейі бұзу фактілері бар. Осы жағдайлар бойынша
"Қазақмыс корпорациясы"ЖШС экономикалық қауіпсіздік департаменті»
мамандарының қатысуымен бірлескен жұмыстар жүргіземіз. Міне, осындай
қылмыстарды жасаған қызметкерлерге жұмыс істемейтін жүйе басқа қызметкерлердің
қауіпсіздігі мен өміріне қауіп төндіретінін және жұмыстан босатылып қана
қоймай, қылмыстық іс қозғалатындығын айтқым келеді. - Сіз цифрландыруға қалай қарайсыз және көп функциялы
қауіпсіздік жүйесін енгізу компанияны цифрлық түрлендірудің бастауы бола ма? - Мен цифрландыруға
оң көзқараспен қараймын. Қарапайым мысал келтірейін, бұрын телефон арқылы
таксиге қоңырау шалып, ұзақ уақыт күтесіз, ол келгенде көлік тағайындалды ма,
жоқ па, әсіресе қыс мезгілінде қиын болатын еді. Ал қазір, ыңғайлы интерфейсі
бар түрлі қосымшалар бар, онда жай ғана өтінім қалдырасың немесе тапсырыс рәсімдейсің,
көліктің қай жерде орналасқанын онлайн бақылауға болады, қосымшаның өзі келген
автокөлік туралы хабарлайды. Цифрландырудың пайдасы туралы көптеген қарапайым
мысалдар бар, бұл ХҚКО-дағы кезектерді азайту, төлем/аударымдарды жүргізу,
қашықтықтан оқыту және т. б. Бірақ мен үшін ең жағымды нәрсе-қағаз
түріндегі құжаттарды қолданудың төмендеуі және соның салдарынан
орман кесу деңгейінің төмендеуі. Көпфункционалды
қауіпсіздік жүйесін енгізу компанияның цифрлық трансформациясының бастауы болып
табылады. Қызметкерлердің инновацияларға бейімделуін ескере отырып, бәрі
біртіндеп, біртіндеп жасалады. 2019 жылы апаттық жағдайдағы құлақтандыру және жекелеген
жұмыскерді шақыру, жұмыскер мен көліктің
орналасуыы, жыныс қалыңдығы арқылы іздеу жүйесі енгізілді, ал қазір
функционалдың кеңеюімен айналысамыз, электрондық (наряд)тапсырма берудің,
өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша тәуекелдерді тіркеу мен жоюдың
бизнес-процестерін автоматтандыруды, өздігінен жүретін техника бойынша бастапқы
деректерді жинауды жүргіземіз. Мұның барлығы қызметкерлердің өндірістік
мәдениетін дамытуға, ауысымды шеберлердің, учаске бастықтарының зияткерлік
деңгейі мен цифрлық сауаттылығын арттыруға, ең бастысы біздің
қызметкерлеріміздің қауіпсіздігі мен денсаулығына әсер етеді.



