\"Maker (Мэйкер)\" ЖШС Жылдың үздік өндірістік кәсіпорны болып танылды
07.12.2021
Сыйлық 4 номинация бойынша берілді: "Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын", "Халыққа арналған тауарлар шығаратын үздік кәсіпорын", "Қызметтер көрсететін үздік кәсіпорын" және "Азық-түлік тауарларын және/немесе ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаратын үздік кәсіпорын". "Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын" номинациясында "Алтын Сапа" марапатын "Қазақмыс Холдинг" ЖШС құрамына кіретін "Maker (Мэйкер)"ЖШС алды. "Maker (Мэйкер)" ЖШС Қарағанды құю-машина жасау зауытының базасында тау-кен жабдығын дайындаумен және жөндеумен айналысады. 80 жылдық тарихы бар зауыттың жобада идеяны іске асырудан бастап дайын нысанды тапсыру сәтіне дейін бұйымдарды өндіру кезінде әрбір тапсырыс берушінің сұраныстарын барынша дәл қанағаттандыруға мүмкіндік беретін қуатты өндірістік базасы бар. Бүгінгі таңда "Maker (Мэйкер)" ЖШС тау-кен машинасын жасау саласында 800 маманды жұмыспен қамтамасыз етеді. Компанияны " Maker (Мэйкер) "ЖШС Басқарма Төрағасы Байгабелов Жәнібек Алтынбекұлы басқарады.



