Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

Қоңырат бүгін

Қоңырат кеншілері жыл соңына дейін мыс мөлшері 0,31% пайызды құрайтын 2 млн. тонна кен өндіруді жоспарлаған. Қазіргі уақытта карьердің 350-ші горизонтында, яғни жер бетінен 300 метрге жуық тереңдікте жұмыстар жүргізілуде. Балқаш кен байыту фабрикасына кен өндіру және жөнелту шамамен 1,5 млн. тоннаны құрады, мыстың құрамы қазірдің өзінде -0,32%. Коунрад (Қоңырат) кен орнын геологиялық және экономикалық тұрғыдан алғаш рет 1928 жылы Ленинградтық геолог Михаил Русаков барлады. Кен орнындағы жүйелі және геологиялық барлау жұмыстары 1929 жылдан басталды, кен орнын игеру 1934 жылдан бастап "ГИПРОтүстімет" институтының жобасы бойынша игерілді. Мыс алыбы мен көгілдір Балқаш көлінің жағасында қаланың құрылысы дәл осы Қоңыраттан басталған. Қоңырат-Қазақмыстың ең көне кен орындарының бірі. Оны Балқаш қаласының "Алтын бесігі" деп атауға болады.