\"Қазақмыс\" өз қызметкерлеріне тағы да қолдау көрсетті
18.10.2020
Осы жылдың 1 қазанында өткен еңбек ұжымдарының жұмыс жиналысының қорытындысы бойынша Covid-19 пандемиясы жағдайында әлеуметтік және моральдық қолдау корсету мақсатында Қазақмыс Тобы өзінің барлық қызметкерлеріне 100 мың теңгеден бір жолғы төлемді қайта беру туралы шешім қабылдады. Біржолғы төлем бүгінде келісімшарт бойынша еңбекақы төленетін қызметкерлерді қоспағанда, барлық санаттағы қызметкерлерге берілді. Алғашқы төлем ағымдағы жылдың 22 шілдесінде берілген болатын. Осы шешіммен компания Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі туралы үндеуін қолдайды. Коронавирустық инфекцияның таралу қаупінің алдын алу және оған қарсы тұру мақсатында компания өндірістік алаңдарда мамандандырылған жабдықпен, дезинфекциялау және жеке қорғау құралдарымен қамтамасыз ету түрінде қорғау шараларының кешенін іске асырады. Иммундау бағдарламасына сәйкес қыркүйек-қазан айларында компанияның қаражаты есебінен "Қазақмыс"компаниясының 15000 қызметкері тұмауға қарсы егілді. Сонымен қатар, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында және Жезқазған, Сәтбаев, Балқаш қалаларында медициналық қызмет көрсету деңгейін арттыру мақсатында компания қаражатына медициналық мекемелер үшін медициналық жабдықтар сатып алынды, стационарларды материалдық-техникалық жарақтандыруға және медициналық қызметкерлерді оқытуға қаражат бөлінді, сондай-ақ халықты вакцинациялау үшін емханаларға тұмауға қарсы вакциналардың 30000 дозасы сатып алынды және берілді. Аталған өңірлерге жоғары білікті медицина қызметкерлерін тарту үшін медицина қызметкерлері үшін 52 пәтер сатып алу туралы шешім қабылданды. Айдың басында жергілікті атқарушы органдар ұсынған тізімдерге сәйкес Жезқазған, Сәтбаев, Балқаш қалалары халқының әлеуметтік осал топтарының жекелеген санаттарына, сондай-ақ компания зейнеткерлерінің аз қамтылған санаттарына және "Қазақмыс"кәсіпорындарының жұмыс істемейтін еңбек мүгедектеріне 30000 теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек көрсетілді. Жалпы, осы уақытқа дейін компания өз қызметкерлерін, жұмыс істейтін қалалардың, Денсаулық сақтау мекемелерінің тұрғындарын қолдау және COVID-19-ға қарсы күреске шамамен 17 млрд теңге инвестициялады. Қазақмыс " компаниялар тобы баршаңызға денсаулық пен амандық тілейді!



