«Қазақмыс» жалақыны көтерді
15.07.2019
Компанияның жалпы еңбекақы төлеу қоры шамамен 10 пайызға ұлғайды, сонымен бірге мамандық бойынша еңбекақының өсуі дифференциалды болады және ол қазіргі ақыға байланысты болмақ. Кенші, металлург және байытушы мамандықтары күрделі әрі қауіпті болып саналады. Сондықтан Қазақмыс әрқашан еңбек ұжымдарының жағдайын ескере отырып, мүмкіндігінше еңбекақыны көтеріп отыруға тырысады. Лайықты және бәсекеге қабілетті еңбекақы – әлеуметтік жағдайдың маңызды факторы. Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақмыс корпорациясының жұмысшылары көбейтілген жалақы алып келеді. Еңбекақыны өсіру Қазақстан Республикасындағы төменгі жалақы мөлшеріндегі өзгерістерге байланысты жасалған болатын.



