PMP сертификаттауға үміткерлер анықталды
18.04.2017
РМР деңгейін алған кандидат, жобалауды басқару саласының сертификатталған мамандарды топтастырған ең ірі әрі маңызды бірлестігінің мүшесі болады және әлемнің кез келген нүктесіндегі жобалаудың барлық саласын басқарып жүргізе алады. Қазақмыс корпорациясының алты қызметкері жобалау басқармасы ұсынған курста оқуға кандидат болып тағайындалды. Олар 27 ақпан мен 10 наурыз аралығында өткізілген тестілеу нәтижесінде анықталды. Олар: Оқыту мамыр айының екінші жартысында өткізіледі және оқыту бағдарламасының нәтижесі қайталау тестісінің қорытындысы бойынша аяқталады. Қайталап тестілеу маусым айының бірінші жартысында өткізіледі. Онда корпорацияның білгір мамандар қорын толықтыратын үш жеңімпаз анықталады. Комиссияның төрағасы «Қазақмыс Холдинг» бас операциялық директоры Бақтияр Әбдірахманұлы Қырықпышев.



