Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

Қазақмыс басшылығының үндеуі

Біз ашық компаниямыз және еліміздің үздік мамандарын жұмысқа тартуға қуаныштымыз! "Қазақмыс" компаниясының жұмыспен қамту, кадрлық өсу және қызметкерлерді жоғарылату саласындағы саясаты сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне қатаң тыйым салады. Кадрларды іріктеу және орналастыру Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес лауазымдарға қабылдау және тағайындау жөніндегі Компанияның ішкі ережелері шеңберінде қатаң жүзеге асырылады. Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде "Қазақмыс" Тобының компаниясына жұмысқа орналасу кезінде заңсыз ақшалай сыйақының орын алған фактілері туралы сыни ескертпелер немесе хабарламалар пайда болуда. Холдингке жұмысқа орналасу немесе лауазымды ауыстыру кезінде осындай бұзушылыққа тап болсаңыз, осы факті туралы, компанияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі мамандарына хабарлауыңызды сұраймыз. Сенім телефоны: 8 (7212) 952174; 8 (7212) 952133 - Персонал қызметі 8 (7212) 952070 - Қауіпсіздік департаменті Сенімдеріңіз үшін рахмет! "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС персонал жөніндегі директоры Владимир Лян