\"ҚАЗАҚМЫС\" ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫН ДАМЫТУДЫ ҚОЛДАЙДЫ
04.05.2022
Жаңадан құрылған Ұлытау
өңірінің дамуын қолдау үшін "Қазақмыс" компаниялар тобы келесі
компаниялардың Ұлытау облысы, Жезқазған қаласындағы заңды мекенжайын қайта
тіркеу туралы шешім қабылдады: ● "Қазақмыс Корпорациясы" ЖШС ● "Қазақмыс Коппер" АҚ ● "Қазақмыс Барлау" ЖШС ● "Қазақмыс Энерджи" ЖШС ● "Қазақмыс Дистрибьюшин" ЖШС ● "Қазақмыс Смэлтинг" ЖШС ● "Қазақмыс Прогресс" ЖШС ● "KAZ GREEN ENERGY" ЖШС Бұрын бұл бөлімшелер Нұр-Сұлтан, Алматы,
Қарағанды қалалары мен Топар кентінде тіркелген болатын. Бұл шешім осы
аймақта орналасқан кәсіпорындардан қосымша салық шегерімдері арқылы еліміздегі
жаңа аймақтың қалыптасуына қолдау көрсетуге байланысты қабылданды. "Қазақмыс" тобының кәсіпорындары мемлекетпен бірлесе отырып,
өңірлерді дамытуға және "Қазақмыстың" негізгі өндірістік алаңдары
орналасқан Жезқазған, Балқаш және Қарағанды қалаларының тұрғындары алдындағы
бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін нығайтуға белсенді үлес қосуды
жалғастырады.



