Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

ҚАЗАҚМЫС КОМПАНИЯЛАР ТОБЫ ЖӘНЕ KAZ MINERALS ТОБЫ БІРЛЕСІП, «ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА» ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРЫНА 25 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛДІ

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасын қолдау туралы екі компанияның басшылығы хабарлады. Сөйтіп, 2014 жылғы қайта құрылымдауға дейін өз қызметін ортақ брендпен жүргізген Қазақмыс пен KAZ Minerals әлеуметтік мәселелерді шешу жолында Қазақстан халқын қолдауға және халықтың әлеуметтік осал топтарына көмектесуге дайын.