Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

Батырдың ізімен

Баймагамбетов әулетінің негізін қалаушы Социалистік Еңбек Ері Баймагамбетов Демберген болып табылады. Ол – Қостанай облысының тумасы. 1952 жылы Демберген Кеңес Әскері қатарына Жезқазғанға шақырылды. Баймагамбетов Дембергеннің айтуынша, сол жылы ол қызмет еткен әскери бөлімге Жезқазған тау-кен металлургия комбинатының директоры Виктор Васильевич Гурба келіп, Демберген мен оның бірнеше жолдастарын Оңтүстік Жезқазған кенішінде жұмыс істеуге шақырды. «Әкем еңбек жолын 1954 жылы жарушы болып бастаған. Жұмыс барысында ол біздің анамыз Бузаутаева Анаркуль Бузаутаевнамен кездескен. Ол кезде тау-кен комбинатының сапаны техникалық бақылау бөлімінде жұмыс істеген. Сондықтан әкем Жезқазғанда тұрып, еңбек етуге қалған»   Компанияда қазір еңбек етіп жүргендер: Баймагамбетов Жомарт Дембергенович. Оңтүстік Жезқазған кеніші. № 6 учаскенің тазалау кенжарының бұрғылаушысы. «Адал еңбек» ЖШС. Инженерлік желілерге қызмет көрсету учаскесі. Баймагамбетова Гульнар Денбергеновна. «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС тау-кен байыту кешенінің өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау басқармасында өнеркәсіптік санитария және еңбек гигиенасы жөніндегі бас маманы. Еңбек өтілі – 24 жыл. Баймагамбетова Ляззат Денбергеновна. «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС тау-кен байыту кешенінің бас маркшейдері. Еңбек өтілі – 33 жыл. «Мамандық таңдауда бізде таңдау болмады» Ляззат Денбергеновна тау-кен жұмысшысынан «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС тау-кен байыту кешенінің бас маркшейдеріне дейінгі кәсіби жолдан өтті. Ляззат сағат 7:00-ден бастап жұмыс орнында болады, ал сағат 8:00-де селекторлық жиналыс басталады. Ол аяқталғаннан кейін жедел жұмыс басталады, содан кейін Ляззат Денбергеновна барлық кеніштерге қоңырау шалып, істің жай-күйін біледі. Әрі қарай сұрақтар басымдығына қарай бөлінеді. «Сіз білесіз бе, біздің компанияда бірнеше кеніштер бар және олардың әрқайсысында маркшейдерлік қызмет бөлімдері бар. Маркшейдерлік қызмет барлық тау-кен ісінің жетекші саласы болып табылады, сондықтан мен өз кәсібімді мақтан тұтамын» Дереккөз: nur.kz