Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

Бұқаралық ақпарат құралдарының (БАҚ) қызметкерлері күнімен!

Кәсіби мерекеңізбен шын жүректен құттықтауымызды қабыл алыңыздар! Бүгінгі таңда, әлемді ақпарат басқарып отырған кезде, ақпарат өрісін ашық, мол және мазмұнды қылатын теледидар, радио, баспа және электронды басылымдардың қызметкерлері. Биліктің төртінші тармағы ретінде сіздер Қазақстандағы болып жатқан маңызды процестерге тікелей әсер етесіздер, қоғамдық пікірді қалыптастырасыздар және мемлекет негіздерін нығайтуға зор үлес қосасыздар. Миллиондаған адамдар сіздердің жұмыстарыңызға бей-жай қарамай, айқын азаматтық ұстаным мен жоғары кәсібилік танытқандарыңыздың арқасында айналадағы шындықты біліп, өзекті жаңалықтарды біледі. Қазақмыс корпорациясы диалог кезінде әрқашан ашық болған және бола береді. Сіздермен ынтымақтастық барысында жүздеген қызықты және шынайы материалдар жасалды, оларды миллиондаған көрермендеріңіз бен оқырмандарыңыз бағалаған. Біздің жемісті серіктестігіміз әлі де жақсы нәтижелер беретініне және бірлесе отырып біз әлемді жарқын ететінімізге шын жүректен сенеміз. Жанқиярлық еңбектеріңіз, жоғары кәсібиліктеріңіз және мамандыққа деген адалдықтарыңыз үшін рақмет. Сіздердің құзыреттіліктеріңіз бен белсенді өмірлік позицияларңыз жаңа кәсіби биіктерге жету үшін сенімді негіз бола беретіні сөзсіз. Сіздерге шын жүректен шабыт, тұрақты шығармашылық ізденіс, жаңа идеялар мен жобаларды сәтті жүзеге асыруды тілейміз. Сіздерге және жақындарыңызға бақыт пен саулық тілейміз! Ізгі тілекпен,  «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС баспасөз қызметі