Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

ГЕОЛОГИЯ - ЖАННЫҢ ТАҢДАУЫ

Шалабаев Мәлік Шахабайұлы өзінің еңбек жолын  "Қазақмыс" корпорациясында 1997 жылы  ШЖК-нің № 57 шахтасында жер асты жұмысшысы болып бастады. 13 жылдан астам жер асты дизель учаскесінде кенді тікелей тау-кен қазбаларында тасымалдаумен айналысты.   Тылсым геология Мәлік Шахабайұлын жас кезінен бастап қызықтырды, ол үшін геология-жанның таңдауы, қалауы болды. 90-шы жылдары ол Мәскеу қаласында геологиялық бағыт бойынша оқуға түсті. Туған жері Сәтпаев қаласына оралғаннан кейін, өзінің еңбек жолын №57 шахтада бастады. Араға жылдар салып Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінде "Геология және пайдалы қазбаларды барлау" мамандығы бойынша оқуын жалғастырды. Содан кейін геологиялық бөлімде геолог болып жұмыс істеген жылдары да болды, 2018 жылдан бастап ЖТМ-ның бас геологы Қарабаев Достияр Өмірбекұлының ұсынысы бойынша кейіпкеріміз өндірістік қызметті "Қазақмыс» корпорациясының технологиялық колледжінде оқытушылық қызметпен ұштастыра бастады, қазіргі уақытта да Геология пәндері бойынша сырттай оқытушы болып табылады. Биыл Мәлік Шахабайұлының тікелей қатысуымен колледж оқытушысы ретінде жаңа геологтардың үшінші буыны бітіруде. "Қазақмыс" корпорациясының осындай қолдаудының және кәсіби кадрлардың жаңа легі арқасында қала құраушы кәсіпорын жаңа, білікті кадрларды, ал жастар тұрақты жұмыс пен кәсіпте өзін-өзі көрсетуге мүмкіндік алады.