Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

Қымбатты әріптестер! Өндіріс ардагерлері!

Тек адамзат қана емес, табиғаттың да жасарып, бой түзейтін шағы – Ұлыстың ұлы күнінің баршамыз үшін жолы да, жөні де бөлек.  Әз Наурызда, металлугтер, ұжымымыздың «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС-нің және тұтастай алғанда Қазақмыстың жетістігіне қуанып, бірге қарсы алып отырмыз. Қандай да болмасын,  жетістіктер Балқаш, Жезқазған кәсіорындарында еңбек ететін әр бір қызметкерлердің ерең еңбектерінің арқасында.  Жарқын өмірдің бастамасы болып саналатын осы көктем мерекесі Сіздерге мол қуаныш пен бақыт алып келсін! Наурыз әр отбасында келісімнің, сыйластықтың, құрметпен сүйіспеншіліктің дәнекері болсын! Наурыз мейрамында «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС-нің сан мыңдаған металлугтері атынан баршаңызға бейбітшілік пен амандық, бақыт пен бақ-береке тілеймін!  «Казахмыс Смэлтинг» ЖШС Бас директоры Н.Нуриев