\"Нұрқазған\" кенішінің директоры — \"Жыл кеншісі\" деп танылды
21.06.2022
"Жыл кеншісі" номинациясында "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС "Қарағандытүстімет" ӨБ "Нұрқазған" кенішінің директоры Мұқан Жалғасұлы Үңгітбаев үздік деп танылды. "Алтын Гефест" иегері 1988 жылдан бері осы салада еңбек етіп келеді. Ол тазарту забойының бұрғылаушысы ретінде бастап, Жезқазған өңірінің кеніштерінде тау-кен шебері және телім бастығы болып жұмыс істеді. Әр жылдары Мұқан Жалғасұлы бірнеше тау-кен кәсіпорындарын басқарды. Оның еңбегі бағаланып "Кенші даңқы" төсбелгісінің толық иегері атанды. Мұндай жетістікке жеткендер аз, ал енді саланың ең беделді марапаты біздің жерлесімізге бұйырды. Құттықтаймыз!


