Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

Құрметті кеншілер мен өндіріс ардагерлері!

Кенші – қазіргі өнеркәсіптегі ең күрделі мамандықтардың бірі! Кеншілер еңбегінің нәтижесі Қазақмыстың өндірістік іс-қызметінің кейінгі тізбегі үшін өте маңызды! Кенші ісінің дәстүрлеріне адалдық, әркімнің жұмыс орнындағы жоғары жауапкершілігі пен жанқиярлығы, кәсіби шеберлігі терең құрмет пен алғысқа лайық! Мыңдаған кеншілер ұжымының, ардагер-тәлімгерлердің қиын, жанқиярлық еңбегіне құрмет көрсете отырып, Сіздерге өнімді, қауіпсіз және апатсыз жұмыс тілеймін, шахтаға түсу саны әрқашан көтерілу санына тең болсын! Компаниямыз еңбекті қорғау мен еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өндірісті перспективалық дамыту және техникалық қайта жарақтандыру, әрбір жұмыс орнында өнімді және тиімді жұмыс істеу үшін жағдай жасау жөніндегі тұрақты жұмысты жалғастыратынына сөз беремін. Шын жүректен Сіздерге мықты денсаулық, молшылық, ертеңгі күнге деген сенімділік, тұрақтылық пен жасампаз еңбек тілеймін! «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқармасы төрағасының бірінші орынбасары Андрей Павлович Гайдин

Смотрите также

«Qauipsizdik Start» бағдарламасы арқылы «Қазақмыс» қауіпсіздік мәдениетін дамытуды жалғастыруда
25.05.2026
«Qauipsizdik Start» бағдарламасы арқылы «Қазақмыс» қауіпсіздік мәдениетін дамытуды жалғастыруда
Қазақмыс Қытайдағы металлургия және энергетика салаларының озық технологияларын зерттеуде
24.05.2026
Қазақмыс Қытайдағы металлургия және энергетика салаларының озық технологияларын зерттеуде
Қазақмыс жұмыскерлер мен олардың отбасын қолдау бағдарламаларын кеңейтуде
22.05.2026
Қазақмыс жұмыскерлер мен олардың отбасын қолдау бағдарламаларын кеңейтуде