Дастан Мұқажанов, «Құсмұрын-Ақбастау» кеніші
27.08.2022
Солардың бірі – жас әрі болашағы
зор шахтер, шпур бұрғылаушы Мұқажанов Дастан Бауыржанұлы. Маман компанияға
2010 жылы Сәтбаев қаласындағы «Қазақмыс» корпорациясының технологиялық
колледжін «Тау-кен ісі» мамандығы бойынша аяқтай салысымен орналасты. «Құсмұрын-Ақбастау» кенішінде
вахта жұмысын Дастан Мұқажанов 3 жыл бұрын бастаған, бұған дейін Нұрқазғанда
еңбек еткен. Бұрғылаушы өз жұмысына толық қанағаттанатынын, ал ісіне деген
сүйіспеншілік үйден және отбасынан жырақта уақыттың тезірек өтуіне септесетінін
айтады. Бұл жерде вахташылардың жұмыс істеуі мен жайлы тұрмысы үшін корпорация
жасаған жақсы жағдайлар да аз рөл атқармайды. - Жалақы жақсы және біз оны
әрдайым уақытында аламыз, отбасының қажеттіліктері үшін жеткілікті. Мұнда еңбек
жағдайлары жақсы, тамаша тамақтандыру да тамаша. Бөлмелерде ұзақ және жайлы
өмір сүру үшін барлық жағдайлар жасалған, адамға қажеттің барлығы бар. Ең
бастысы жұмыс жаса, қауіпсіздік техникасын сақта, сонда бәрі жақсы болады, -
дейді шахтер. Бұрғылаушының айтуынша, мықты
және тату отбасына көп ұқсайтын үйлесімді еңбек ұжымы да жұмысты жеңілдете
түседі.



