Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

Отын-энергетика кешенін басқару директорының құттықтауы

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз — Энергетика күнімен және Жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймын! Энергетика саласы ең маңызды және күрделі салалардың бірі болып саналады. Заманауи энергетикалық кешен облыс экономикасын дамытудың, инвестициялық тартымдылықты және азаматтарымыздың әлеуметтік әл-ауқатын арттырудың кепілі болып табылады. "Қазақмыс" корпорациясы кәсіпорындарының, өндірістік компанияларының, әлеуметтік нысандардың тұрақты жұмыс істеуі, өңірлердегі тұрғындардың жайлы өмір сүруі энергетиктердің күнделікті жұмысына тікелей байланысты екені сөзсіз. Құрметті энергетиктер! Сіздердің кәсіпке деген жауапкершіліктеріңіздің арқасында жұмыста жоғары тиімділікке қол жеткізуге деген тұрақты ұмтылыстарыңыз өндірістік міндеттерді сәтті шешуге ықпал етеді. Жылдың кез-келген уақытында, кез-келген ауа-райы жағдайында және төтенше жағдайларда сіздер әр тұрғынның күнделікті өмірінде жайлылықты қамтамасыз ете отырып, үйлесімді және тиімді әрекет етуге дайынсыздар. Сіздерге Жаңа жылда табыс, зор денсаулық және амандық тілеймін! Отын-энергетикалық кешенінің Басқарма директоры Владимир Джуманбаев

Смотрите также

«Қазақмыс» өндірістік алаңдарында қызметкерлерге арналған тұрмыстық инфрақұрылым жаңартылып жатыр
16.05.2026
«Қазақмыс» өндірістік алаңдарында қызметкерлерге арналған тұрмыстық инфрақұрылым жаңартылып жатыр
Қазақмыс өндірістік қажеттілік үшін меншікті генерация көздерін құру мүмкіндігін қарастыруда
16.05.2026
Қазақмыс өндірістік қажеттілік үшін меншікті генерация көздерін құру мүмкіндігін қарастыруда
Қазақмыс өндірісте цифрлық мониторингті дамытуды жалғастырады
15.05.2026
Қазақмыс өндірісте цифрлық мониторингті дамытуды жалғастырады