Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

А.Гайдиннің Қазақмыс ардагерлерімен кездесуі

Ұлы ғалымды ұлықтаудан кейін Андрей Гайдин Ш.Ділдебаев атындағы Кеншілер сарайында  ардагерлермен дөңгелек үстел басында кездесіп, бірнеше мәселені талқылады. Сәтбаев қаласының әкімі Асқар Ыдырысов "Қазақмыс" корпорациясының басшылығына кеншілер қаласын дамытудағы өзара ынтымақтастығы, қала тұрғындары үшін қолайлы өмір сүру жағдайларын жасау үшін бірлескен күш-жігері үшін алғыс айтты. Өткен жылы пандемия асқынған тұста  корпорация қажетті медициналық жабдықтармен қамтамасыз етуде үлкен көмек көрсетті, компания жұмысқа келген дәрігерлерге 12 пәтер сатып алды. Тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасы аясында облыс әкімі арасындағы меморандум аясында 140 орындық балабақша салынды. Андрей Гайдин Жезқазған кен орнының жұмыс қабілеттілігін ұзарту бойынша іске асырылып жатқан жобалар туралы айтып, өңір еңбеккерлері өмірінің әлеуметтік құрамдас бөлігін күшейтпей, қалыпты жағдай туғызбай өндірісті дамыту мүмкін емес екенін атап өтті. Аймақтың болашағын ұзартып, келешегін кемелдендіру мақсатында бірнеше жобаларды жұзеге асыру жоспарланып отырғандығын жеткізді Басқарма төрағасының бірінші орынбасары. Ардагерлердің ұсыныстары корпорацияның қалаларды абаттандыруға одан әрі атсалысуына, ауыз су, жылумен қамтамасыз ету, өз өндірістерін дамыту және тағы баска өзекті мәселелерді шешуге бағытталды, сондай-ақ ардагерлер алатын жеңілдіктер тізбесін және алушылар тізімін кеңейту туралы өтініш жасады. Андрей Гайдиннің айтуынша, олардың барлық өтініштері бақылауға алынды.

Смотрите также

Қазақмыс қытайлық инжинирингтік компаниялармен жаңа күкірт қышқылы цехының құрылысын талқылауда
25.05.2026
Қазақмыс қытайлық инжинирингтік компаниялармен жаңа күкірт қышқылы цехының құрылысын талқылауда
«Qauipsizdik Start» бағдарламасы арқылы «Қазақмыс» қауіпсіздік мәдениетін дамытуды жалғастыруда
25.05.2026
«Qauipsizdik Start» бағдарламасы арқылы «Қазақмыс» қауіпсіздік мәдениетін дамытуды жалғастыруда
Қазақмыс Қытайдағы металлургия және энергетика салаларының озық технологияларын зерттеуде
24.05.2026
Қазақмыс Қытайдағы металлургия және энергетика салаларының озық технологияларын зерттеуде