Қызметкерлерге атаулы көмек туралы
14.08.2020
Әлеуметтік жауапкершілік
өмірегі қалыпты жағдай ретінде – мұны «Қазақмыс» корпорациясы өзін мысал ретінде көрсетіп тағы да
дәлелдеді. Өз қызметкерлеріне және Холдинг компаниялары орналасқан қалалардың
тұрғындарына қамқорлық көрсету –«Қазақмыс» компаниясының басым міндеттерінің бірі. «Қазақмыс» корпоративтік жауапкершілігі ерекше назар
аударуға тұрарлық. Компанияның әлеуметтік қажеттіліктерге қосымша шығындарды өз
еркімен көтеруге дайындығы – бұл қалыпты жағдай. Осылайша, екінші
жартыжылдықтың басынан бастап Корпорация қызметкерлерді қолдаудың жаңа шаралары
– атаулы көмек туралы жариялады. Біз негізгі сұрақтарға
жауап береміз. «Қазақмыс» атынан атаулы көмекке кім үміткер бола алады? Атаулы көмекті
шартты ең төмен күнкөріс деңгейі а.ж. 1 қаңтарында мемлекет белгілеген ең төмен
күнкөріс деңгейіне тең, корпорацияның 1.7 коэффициентіне және отбасының әрбір жан басына көбейтілген «Қазақмыс» компаниялар Тобының қызметкерлері ала алады. Қазақстанда
2020 жылдың 1 қаңтарына ең төменгі күнкөріс деңгейі – 31
183 теңге. Қарапайым математика: 31 183 х 1,7 = 53 011 теңге. «Мысал үшін екі ересек және екі кәмелетке толмаған баласы бар 4 адамнан тұратын отбасын қарастырайық. Біздің қызметкердің жұбайы бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша демалыста және мемлекеттен жәрдемақы алады. Бұл табысты біз барлық мемлекеттік жәрдемақылар сияқты есепке алмаймыз. Мысалы, отбасы басшысының ай сайынғы жалақысы 256 мың теңгені құрайды және бюджетке төленетін барлық міндетті төлемдерді шегергенде 210 мың теңге шамасында қалады. Бұдан әрі ең төменгі күнкөріс деңгейін 1.7 коэффициентіне (53 011 теңгеге тең) және отбасының 4 мүшесіне (қызметкер, жұбайы, кәмелетке толмаған балалары) көбейтеміз. Біз 212 мың теңге көлемінде соманы аламыз. Яғни, біздің есептеулеріміз бойынша көрсетілген отбасының бір айда тұруына (азық-түлік және азық-түлік емес тауарларға, қызметтерге, коммуналдық төлемдерге, логистикаға және т.б. шығындар) орташа есеппен 212 мың теңге қажет. Қызметкердің жалақысы есептелген сомадан төмен болғандықтан, ол атаулы көмек алуға үміткерлер санатына жатады. Егер оның асырауында жұмыс істемейтін жұбайы және 6 кәмелетке толмаған баласы болса, жалақысы 400 мың теңге болатын қызметкер де үміткерлер санатына жататынын түсіну маңызды. Есептелген формулаға сәйкес 53 011 теңгені отбасының 8 мүшесіне көбейтіп, 424 мың теңге аламыз – бұл жұмыскердің еңбекақысынан жоғары. Осыған байланысты ол жалақы мөлшері 210 мың теңгеге дейінгі алдыңғы мысалдағы қызметкер ретінде жалақысы екі есе көп, Корпорациядан атаулы көмек алушы бола алады. Есептеулер жалпы бюджет пен отбасы мүшелерінің санына байланысты екенін түсіну маңызды» Бұл ретте компанияда ең төменгі жалақы 1 сәуірден бастап 140 мың теңгені
құрайды. Атаулы
көмек неден тұрады Атаулы көмек тіркелген
төлемдердің екі түрінен тұрады, олардың біреуі тоқсан сайын және екіншісі бір
жолғы. Тоқсан сайын аталған санаттағы қызметкерлердің жалақысына негізгі
азық-түлік себетін сатып алуға 60 мың теңге мөлшерінде тіркелген соманы төлеу
жоспарланып отыр. Бұл сома қызметкерге бюджетке төленетін міндетті төлемдерді
шегере отырып, толық берілетін болады, оларды төлеуді «Қазақмыс» өз мойнына алады. Алғашқы төлемдер үшінші
тоқсанның соңына жоспарланған. Аталған санаттағы мектеп жасындағы балалары бар
қызметкерлерге 56,5 мың теңге мөлшерінде біржолғы төлем аударылатын болады. Бұл қаражат
мектепке жинауға, мектеп формасы мен кеңсе тауарларын сатып алуға арналған.
Төлемдер оқу жылы басталғанға дейін жүзеге асырылады. «Жақында біздің қызметкеріміз маған сұрақ қойды: «Менің екі балам бар, бір ұлым 18 жаста, екіншісі – 14-те. Мен көмекке үміткер бола аламын ба?» Иә, ол ұлы колледжде немесе университетте күндізгі оқуда оқыған жағдайда көмектің бұл түріне үміткер бола алады» Атаулы көмек туралы тағы не білу
маңызды Атаулы көмек алуға үміткерлер құжаттардың толық пакетін жинап, оны
Холдингтің әрбір компаниясында құрылған тиісті комиссияларға ұсынуы қажет.
Тізбемен «Қазақмыс» корпорациясының сайтында танысуға болады. Атаулы көмек алу
үшін тізімге енгізуді комиссиялар тоқсан сайын қарайтын болады, өйткені әртүрлі
отбасыларда жағдай уақыт өте келе өзгеруі мүмкін. Мысалы, үш айлық кезеңде бала
кәмелетке толуы мүмкін, немесе ата-анасының біреуі жоғары ақы төленетін жұмысқа
ауысып, көмекке мұқтаж болмауы мүмкін, ал басқа отбасында, керісінше,
ата-анасының біреуі қандай да бір себептермен жұмысынан айрылуы мүмкін. Осылайша
қызметкерлердің осы санатының тізімі үнемі түзетіліп отыратынан аңғару керек. Атаулы көмек-бұл бір реттік науқан емес, пандемия кезеңіне арналған науқан
да емес. Бұл «Қазақмыс» компаниясында тұрақты жұмыс істейтін бағдарлама. Біз не көреміз? Көмек ешқашан артық болмайды – әсіресе балалар бар жерде.
Және тоқсан сайын 60 мың теңге азық-түлікке көптеген отбасылар үшін жаһандық
деңгейде болса да, қаржылық жағдайын жақсартпаса да, жақсы демеу бола алады.
Атаулы көмектің мақсаты жұмысшылардың отбасылық бюджетін кем дегенде ішінара
қолдау. «Қазақмыс» жаңа әлеуметтік бастамасы компанияның өз қызметкерлеріне
деген қарым-қатынасын көрнекі түрде көрсетеді. Бүгінгі таңда ерікті үн қосу
және әлеуметтік саланы дамытуға қосқан үлесі бизнестің қоғам өміріне қамқорлық
жасауға және қатысуға дайын екендігін айғақтайды. «Қазақмыс» мысалын басқа да ірі
кәсіпорындар қолданады деп үміттенеміз. Дереккөз: www.nur.kz


