Жезқазған мыс балқыту зауытындағы жағдай туралы
26.05.2021
Бүгін, 2021 жылғы 27 мамырда, шамамен 08:30 сағатта Жезқазған мыс қорыту зауытында РТП-1 трансформаторының «С» фазасына қысқа тұйықталу болып, соның себебінен қатты түтіндеу болып жатыр. Зардап шеккендер жоқ. Зауыт жұмыскерлері апат орнынан шығарылды. Уәкілетті органдар хабарландырылды. Апат зардаптарын оқшаулау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Өрт 27.05.2021 ж. сағат 11:59-да жойылды. Оқиға орнында тергеу комиссиясы жұмыс істейді. Өрттің болжамды себебі балқыту цехының руда-жылу пеші трансформаторының қысқа тұйықталуы болып табылады. Цехтағы технологиялық процесс уақытша тоқтатылды, қалпына келтіру жұмыстары басталды. ЖМЗ қалған бөлімшелері штаттық режимде жұмыс істейді.



