Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

7 ай бойы жұмыскерлер жарақатсыз еңбек етті

2022 жылға арналған жұмыстың басты бағыты - өлімге әкелетін жарақаттануды болдырмау және ауыр аяқталған жазатайым оқиғаларды азайту. Осы мақсатқа жету үшін біз жоғары тәуекелдермен байланысты мамандықтарға және жоғары қауіп жағдайында жұмыс істейтіндерге аса назар аудардық. Қызметкерлердің қауіпсіздік талаптарының сақталуына бақылау күшейтіліп, өндірісте жарақат алудың алдын алу бойынша оқыту және түсіндіру іс-шараларына көбірек көңіл бөлінді. Соңғы 7 айда бірде-бір өлімге әкелетін жарақат болған жоқ. 2022 жылдың бірінші тоқсанында ауыр дәрежедегі жазатайым оқиғаларға да жол берілмеді. Мұндай нәтижелерге біздің бірлескен жұмысымыздың және кәсіпорынның әрбір қызметкерінің жауапкершілігінің арқасында қол жеткізілді. Сіздердің - біздің кәсіпорындарымыздың қызметкерлеріне ортақ "Қазақмыс" нәтижелерінің игілігі үшін сапалы және қауіпсіз жұмысы үшін алғысымызды білдіреміз.